Текст

Құрметті әріптестер!
Біздің мектептің сайтына қош келдіңіздер.Осы сайт біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдерінің атқарған жұмыстарының хабаршысы болады.Біздің сайтымыздан өздеріңізге қызықты да,пайдалы мәлімет таба аласыздар.
мектеп директоры Касаинова Б.М.
25.03.2026
Патриотизмдікке тәрбиелеу
Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тарихи фильм көрсетілді.
24.03.2026
«Экологиялық күн: гүл отырғызу»
«Экологиялық күн: гүл отырғызу»
Мақсаты:
Оқушыларға табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік беру, еңбекке баулу және өсімдіктерді күту дағдыларын қалыптастыру.
[
23.03.2026
Тазару күні
«Тазару күні – тазалық пен тәртіп кепілі»
Мақсаты:
Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу; мектеп ортасын таза ұстауға жауапкершілік сезімін қалыптастыру; бірлескен еңбек арқылы ұйымшылдықты дамыту.
21.03.2026
«Ынтымақ күні – бірлік пен татулық негізі»
«Ынтымақ күні – бірлік пен татулық негізі»
Мақсаты:
Оқушыларға достық, өзара сыйластық, бірлік пен татулықтың маңызын түсіндіру; түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; пікір алмасу арқылы ой-өрісін дамыту.
20.03.2026
Ұлттық ойындар керуен” спорттық іс-шара
Ұлттық ойындар керуен” спорттық іс-шарасы оқушылармен мұғалімдер арасында өткізілді.
18.03.2026
Біздің жетістіктеріміз
Абай оқулары байқауында жеңімпаз болған 9 сынып оқушысы Оразбай Жанерке облыстық байқауға қатысатын болды. Құттықтаймыз!
14.03.2026
Көрісу күні.
14 наурыз – Көрісу күніне орай сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Амал мерекесінің маңызы мен көрісу дәстүрі туралы түсінік беру, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, бірлік пен сыйластықты нығайту. Сынып сағатында оқушылар Көрісу...
06.03.2026
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!
Балалар ұйымының ұйымдастыруымен өткен концертте оқушылар аналарын құттықтап, ән шашу, өлеңдерін арнады.
01.03.2026
Алғыс айту күні.
Алғыс айту күні оқушылар мен мектеп ұжымы бір-біріне, ата аналарына, достарына деген алғыстарын білдірді.
27.02.2026
Біздің жетістіктеріміз
Құттықтаймыз! Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңіне қатысқан 7 сынып оқушылары Қабыкен Ерасыл мен Ұзақбайұлы Мағауия жүлделі І және ІІІ орындар иеленіп келді.