Текст
14.03.2026
14 наурыз – Көрісу күніне орай сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Амал мерекесінің маңызы мен көрісу дәстүрі туралы түсінік беру, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, бірлік пен сыйластықты нығайту. Сынып сағатында оқушылар Көрісу күні туралы мәлімет айтып, бір-бірімен көрісіп, жылы тілектер білдірді. Сонымен қатар «Көрісу күні» тақырыбында QUIZ және анаграмма тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрдің мәнін түсініп, бір-біріне құрмет пен ізет көрсету керектігін ұғынды.